ДӘРІГЕРЛЕР КӘСІБИ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУДЕ

Дата: 11.07.2018

 

Облыстық клиникалық ауруханасында медицина мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіруде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгін медициналық мекемеде «Астана» оқу-клиникалық орталығы... дәрігер-нұсқаушыларының қатысуымен... халықаралық деңгейде тренинг өтті.

Дәріс шұғыл жәрдем стандарттарына сай арнайы симуляциялық қызметті насихаттауда. Бір ай мерзім ішінде аурухананың 200-ден астам дәрігері мен орта буын мамандары медициналық білімін жетілдірді. Мұның маңызы зор. Ендігі жерде аурухана қызметкерлері халықаралық талап бойынша аккредитациядан өтіп, емдеу мекемесінің білікті маманы болып шығады. Мамандар психологиялық тұрғыда да озық тәжірибе арқылы өз білімдерін шыңдамақ.

Марат Төлегенов - облыстық клиникалық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі

Биылғы жылы облыстық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінде жаңа жүйе жүзеге асуда. Қабылдау бөлімі толықтай қайта құрылды. Жаңадан медициналық жабдықтар алынды.Мамандарды оқытып жатырмыз. Биылғы жылы  біздің аурухана ең жоғары дәрежелі халықаралық акредатциялық деңгейінд еөтіп, жоғары дәрежеде баға берілді. Осы орайда «Астана» оқу-клиникалық орталығынан мамандар келіп дәрігерлерді оқытуда.

Ақпарат алынған сілтеме: http://shymkenttv.kz/kz/news/health_medicine/derigerler-kesibi-bilimin-zhetildirude