МЕЙІРБИКЕЛІК ІС/ АСТАНАДАҒЫ МЕЙІРБИКЕЛЕР КУРСТАРЫ

 «Мейірбикелік іс» жалпы модулі   орта буын медицина қызметкерлерін дипломнан кеінгі кәсіби түрде дайындықты меңзейді. «Астана» оқу-клиникалық орталығы   төменде көрсетілген  көптеген бағыттар мен циклдардан тұратын Мейірбикелік істі дамыту орталығын ұсынады.

·  Мейірбикелік іс негіздері

·  Педиатрия бөліміндегі мейірбике ісі

·  Жалпы тәжірибе

·  Хирургиядағы мейірбике ісі

·  Акушериядағы мейірбике ісі

·  Анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия 

·  Мейірбикелік істі ұйымдастыру және басқару

·  Мейірбике ісі және зерттеудің заманауи технологиялары

·  Медициналық  қызметкерлерді  кәсіби қайта даярлау

Медицина қызметкерлерін  кәсіби қайта даярлау

 Аталған курстардың мақстаты медициналық қызметкерлердің  біліктілік сапасын арттыру болып табылады. Себебі медициналық қызметкерлердің білім сапасы Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының деңгейіне тікелей өз әсерін тигізеді.

 «Мейірбикелік іс» курсын  «Астана» оқу –клиникалық орталығында  оқудың артықшылығы:

· Кәсіби білім туралы құжатты ұсынған жағдайда курсқа алдын-ала тестілеуден өтпей жазылуға болады.

·  Біздің кәсіби мамандардан жоғары деңгейде білім алу мүмкіндігі.

· Симуляциялық орталықта  тәжірибелік дағдыларды пысықтау мүмкіндігі.

· Оқыту барысында   нұсқауш мамандармен    жеке жұмыс істеу  мүмкіндігі.

· Білім беру курстарын  жұмыстан қол үзбей ұйымдаструға  болады

Біздің орталықтың  білім беру  барысында  ұсынатын оқыту түрлері:

· Лекциялар

· Тәжірибелік білім

· Тренингтер

· Шеберлік дәрістері

· Тағылымдама

· Семинарлар.

Орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары кезінде, сіз жаңа білім мен дағдылар аласыз. Өздеріңізде бар теориялық білім мен  шеберлікті шыңдаңыздар!