Медициналық білімі жоқ қызметкерлерге арналған курстар

МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІ ЖОҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КУРСТАР| АСТАНАДА АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ КУРСТАРЫ            

Сондай-ақ, Оқу-клиникалық орталық медициналық білімі жоқ қызметкерлерге арналған  алғашқы медициналық көмек көрсету курстарын ұсынады.  Аталған модуль дәрігерге дейінгі  көмек көрсету барысында білім  алу мен тәжірибелік дағдыларды үйренуге бағтталған.  

Алғашқы медициналық көмек көрсету курстарына медициналық білімі жоқ медициналық ұйымның мамандары, парамедиктер  және қарапайым адамдар да  қатыса алады. Адам баласы көп жағдайда  қызмет барысында немесе күнделікті өмірде дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетуді талап ететін жағдайға тап болып жатады.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес, жұмыс беруші өндірістің кез келшен түрінде қызметкерлерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті оқытатын курстан өтуді қамтамасыз етуі тиіс. Өндіріс саласында және өзге де қауіпсіз емес мекемелерде барлық қызметкерлер дәрігерге дейінгі және кей жағдайда медициналық алғашқы көмек дағдыларын  оқып білуі тиіс.

 «Астана» оқу-клиникалық орталығы  медициналық білімі жоқ қызметкерлерге теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды үйретудің ауқымды бағдарламаларын ұсынады.  Қызмет көрсетудің бұл түрі Симуляциялық орталықта медициналық имитациялық қондырғыларды пайдалану арқылы оқу түрін қарастырады. 

Алғашқы көмек көрсету курстарының ұзақтығы-медициналық білімі жоқ мамандарға 18 сағатты құрайды. Курстар жайлы толық ақпаратты Күнтізбелік жоспар тарауынан біле аласыздар.

Медициналық қызметкерлердің  қайта даярлау бойынша модульден өткендігі жайында, және  біліктілін арттырғаны бойынша, сонымен қатар алғашқы  медициналық көмек көрсету  курстарынан толық  өткендігін растайтын құжат курс аяқталғанда  беріледі.

Егер сіз  курс  жайында толық ақпарат алғыңыз келсе немесе аталған курсқа жазылуға ниет танытсаңыз, келесі көрсетілген нөмірге хабарласуға болады  +7(705) 754-01-70.