БІЗДІҢ МИССИЯ

Медициналық қызметкерлердің кәсіби құзіретін жоғарғы деңгейде ұстап тұру мен одан әрі жоғарлауына қол жеткізу.

кіріспе

1. Қазақстан  Республикасындағы  қосымша  медициналық  білім беру  жүйесінде  жетекші оқу-клиникалық және үйлестіруші-әдістемелік орталық.

2. Халықаралық  стандарттар  бойынша симуляциялық білім беру саласының көшбасшысы.

3. Медициналық көмек көрсету бойынша озат технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу мен трансфертінің орталдығы. 

құру тарихы

«Астана» оқу-клиникалық орталығы  2007 жылы Астана қаласы әкімінің № 18-961П Қаулысы негізінде 100 %  мемлекет   қатысуымен  құрылған.   2013 жылы серіктестік бәсекелестік ортаға беріліп, бүгінгі күні жеке ұйым болып табылады.

Гарвард медициналық мектебінің (Бостон қ.АҚШ)  клиникалық базасы болып табылатын «ПартнерсХелсКеар Систем» медициналық корпорациясымен серіктестік орната отырып  Қазақстан Республикасында  (АНА) Америкалық кардиологтар  ассоциациясының бағдарламасы бойынша  симуляциялық  технологиялардың трансфертін жасап оқытатын  алғашқы  симуляциялық орталық  болды.

Бүгінгі күні «Астана» оқу-клиникалық орталығы   Паназиаттық денсаулық сақтау саласындағы  симуляциялық қоғамның (PASSH),   Еуропалық медицинада симуляцияны қолдану   қоғамдастығының (SESAM), Педиатриядағы  симуляция  бойынша құрылған халықаралық топтың (GISP) және  Ресейлік медицинада  симуляциялық оқыту қоғамының (РОСОМЕД) теңқұқылы мүшесі болып отыр.

Орталық АҚШ, Канада, Норвегия, Швеция сынды елдердің дәрігерлері  мен орта буын медициналық қызметкерлерді  оқыту барысында   міндетті бағдарламалар құрамына енген симуляциялық оқыту әдісін  елімізде жетілдіп және одан әрі  мамандарды   оқыту  барысында  жоғары сапаны қаматмамасыз  етуді міндет еткен бірегей симуляциялық  білім берудің көшбасшысы атанды.